Аңдатпа
Қазіргі ұйымдарда бизнес-процестердің күрделенуі және мәліметтер көлемінің ұлғаюы басқарушылық шешімдер қабылдауды қиындатады. Проблемалық бизнес-процестерді уақтылы және дәл анықтау ұйымның тиімділігін арттырудың маңызды шарты болып табылады. Дәстүрлі детерминистік және эвристикалық тәсілдер белгісіздік жағдайында жеткілікті тиімділікті көрсетпейді. Бұл мақалада проблемалық бизнес-процестерді анықтау тәсілдерін жетілдіру үшін байес ықтималдығының әдісін қолдану мүмкіндігі зерттелген. Байес әдісі априорлық білім мен бақылау деректерін біріктіру арқылы процестердің проблемалық ықтималдығын бағалауға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері икемділіктің жоғары деңгейін және ұсынылған тәсілді түсіндіруді көрсетеді. Ұсынылған тәсіл синтетикалық мәліметтер негізінде тексеріліп, проблемалық және қалыпты бизнес-процестерді ажырата білу қабілеті бағаланды. Зерттеу барысында апостериалдық ықтималдықтарды есептеу арқылы процестердің тәуекел деңгейінің сандық рейтингі жүргізілді. Алынған нәтижелер Байес моделінің дәстүрлі әдістермен салыстырғанда белгісіздік жағдайында тұрақты жұмыс істейтіндігін көрсетті. Сонымен қатар, модель нәтижелерін түсіндіру басқарушылық шешім қабылдау процесін қолдауға мүмкіндік береді. Ұсынылған әдіс бизнес-процестерді бақылау және оларды оңтайландыру жүйелерінде практикалық қолдануға жарамды.