Аңдатпа
Зерттеу жұмысы Қазақстан Республикасындағы цифрлық қызметтерді ұсыну барысында деректерді қорғауды қамтамасыз ету механизмдеріне талдауға арналған. Цифрландыру үдерісінің қарқынды дамуы мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру, дербес деректердің қауіпсіздігі мен құпиялылығын қорғау мәселесін өзекті ете түсуде. Зерттеу аясында электрондық үкімет жүйесінде қолданылатын құқықтық, ұйымдастырушылық және технологиялық механизмдер қарастырылып, олардың тиімділігіне талдау жасалады.Зерттеу барысында сапалы талдау, салыстырмалы әдістер және жеке деректерді қорғауды реттейтін нормативтік-құқықтық базаларға шолу жасалады. Деректерді өңдеуге, сақтауға және ведомствоаралық ақпарат алмасуға байланысты негізгі тәуекелдер мен осалдықтарды анықтауға ерекше назар аударылады. Сонымен қатар, деректердің құпиялылығын қамтамасыз етудегі негізгі тәуекелдер мен проблемалар айқындалып, халықаралық тәжірибемен салыстыру жүргізіледі. Зерттеу нәтижелері Қазақстанның цифрлық мемлекеттік жүйелерде ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған практикалық ұсыныстарды қалыптастыруға мүмкіндік береді.