Журнал туралы

«Smart Technologies Journal» журналының негізін қалаушысы әрі баспагері – «Astana International University» ЖШС. Ол Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде тіркелген (Тіркеу куәлігі: KZ93VPY000194042020 жылғы 16 қаңтарда берілген) және ISSN Халықаралық орталығында тіркелген (ISSN 2707-4862, Online).

Журнал ақпараттық технологиялар бағыты бойынша ғылыми мақалаларды жариялайды.

Миссия / Мақсат:
Журнал «Smart Technologies Journal» – ақпараттық технологиялар саласындағы ғылыми зерттеулерді жариялау мен таратуға арналған халықаралық алаң. Оның мақсаты – ақпараттық технологиялар саласында ғылыми және қолданбалы әлеуетті дамыту, инновацияларға бағытталған зерттеулерді қолдау және жаһандық өзгерістер жағдайында тиімді басқару модельдерін қалыптастыру.

Міндеттері:
• Бұрын жарияланбаған және басқа басылымдарға жіберілмеген түпнұсқа, сапалы ғылыми мақалаларды жариялау.
• Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасын және халықаралық деңгейде танылған жарияланымдық этика стандарттарын сақтау.
• Ақпараттық технологиялар саласындағы жаңа жетістіктер мен зерттеу үрдістерін ашып көрсету.

Мақалалар CrossRef жүйесінде тіркеліп, DOI алады.

Журнал Қазақстандық дәйексөздер базасында (KazBC) «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-да индекстеледі.

Редакциялық алқа құрамына Хирш индексі кемінде 3 болатын ғалымдар кіреді.

Мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады, аннотациялар үш тілде де міндетті.

Мақалалардың түпнұсқалығы StrikePlagiarism жүйесі арқылы жасалған шарт негізінде тексеріледі.

Журнал отандық және шетелдік зерттеушілермен, ғылыми орталықтармен және академиялық қауымдастықтармен ынтымақтастыққа ашық.

Жариялану мерзімділігі: жылына 4 рет.

Редакция
Astana International University
Қабанбай батыр даңғылы, 8
Астана қ., Қазақстан
E-mail: journals@aiu.edu.kz
Website: stj.aiu.kz